Samsung саундбарын Bluetooth арқылы теледидарға қалай қосуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 13.03.2025

Samsung теледидары мен саундбар сериясына байланысты сымсыз қосылым  Bluetooth немесе SoundShare/TV Sound Connect технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Тақырып бойынша:

Samsung саундбарының сериясы мен шығарылған жылы атауында шифрланған.

Мысалы, HW-F850: F сериялы саундбар үлгісі 2013 жылы шығарылған.

  • 2015 жылы және одан бұрын шығарылған: J/ H/ F/ E сериялары
  • 2016 жылы және одан кейін шығарылған: K/ M/ N/ Q/ R/ T/ A/ B сериялары

1 Көзді өзгерту Көзді өзгерту пернесін басыңыз басқару пультінде немесе саундбар корпусында BT таңдаңыз (дисплейде BT PAIRING жазуы көрсетілуі керек).

BT READY жазуы көрсетілсе, көзді ауыстыру пернесін BT PAIRING жазуы пайда болғанша басып тұрыңыз.

2 Теледидарда Параметрлер > Дыбыс тармағына кіріңіз.
Параметрлер Параметрлер
Дыбыс Дыбыс

Дыбыс шығару > Bluetooth динамиктері тізімі таңдаңыз.

Дыбыс шығысы Дыбыс шығысы
Bluetooth динамиктер тізімі Bluetooth динамиктер тізімі
3 Динамиктер тізімінен саундбарды таңдап, басқару пультіндегі OK түймесін басыңыз.
4 Түйіндестіру және қосу таңдаңыз.
5 Қосылымды күтіңіз, сосын ОК басыңыз.
6 Жабу басыңыз.

SoundShare – дыбысты Bluetooth арқылы Samsung теледидарынан Samsung сыртқы аудио құрылғысына, мысалы, саундбарға жіберуге мүмкіндік беретін функция.

1 Теледидар мен саундбар арасындағы қашықтық жарты метрден аспайтынына көз жеткізіңіз.
2 Саундбарда TV көзін таңдаңыз.
TV
3 Саундбардың корпусындағы немесе пультіндегі PLAY/ PAUSE түймесін 5 секунд басып тұрыңыз (дисплейде «TV reconnect» хабары көрінуі керек).
4 Теледидарда Bluetooth құрылғысымен түйіндестіруді сұрайтын хабар пайда болады. Ол бірден пайда болмауы мүмкін, шамамен 30 секунд күтіңіз. ИӘ/Қосылу таңдаңыз.
Қосу Қосу
Құрылғы қосылған Құрылғы қосылған
5 Түйіндестіру орнатылғаннан кейін ТД-ға қосылу автоматты түрде орындалады.

Егер хабар экранда пайда болмаса:

Қосылымға рұқсат беру немесе одан тыйым салу үшін теледидар мәзірінен таңдаңыз:

  • сізде Е сериялы теледидар болса:

Мәзір > Жүйе > Құрылғылар дисп. > SoundShare баптаулары > Құрылғы қосу

  • сізде F/H сериялы теледидар болса:

Мәзір > Дыбыс > Дауыс зорайтқыштар баптаулары > SoundShare баптаулары > Құрылғы қосу

  • сізде J сериялы теледидар болса:

Мәзір > Дыбыс > Қосымша баптаулар > ТД дыбысын қосу > Құрылғы қосу

Басыңыз:

ҚОС. ─ жаңа SoundShare құрылғыларын қосуға рұқсат

ӨШ. ─ жаңа SoundShare құрылғыларын қосуға тыйым салу

Егер «ИӘ/Қосылу» орнына байқаусызда «Болдырмау» таңдалған болса:

Бұрын қосылған құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру немесе тыйым салу үшін теледидар мәзірінен таңдаңыз:

  • сізде Е сериялы теледидар болса:

Мәзір > Жүйе > Құрылғылар дисп. > SoundShare баптаулары > Samsung аудио құрылғыларының тізімі

  • сізде F/H сериялы теледидар болса:

Мәзір > Дыбыс > Дауыс зорайтқыштар баптаулары > SoundShare баптаулары > Samsung аудио құрылғыларының тізімі

  • сізде J сериялы теледидар болса:

Мәзір > Дыбыс > Қосымша баптаулар > ТД дыбысын қосу > Samsung аудио құрылғыларының тізімі

  • сізде K сериялы және одан бұрынғы теледидар болса:

Баптаулар > Дыбыс > Динамик таңдау > Bluetooth Аудио

K сериялы және одан бұрынғы үлгілерде құрылғыларды пайдалануға тыйым салу мүмкіндігі жоқ (тек бұрын қосылғандар тізімінен алып тастау).

6 Бұрын қосылған аудио құрылғыларының тізімінен құрылғы үлгісін таңдап, Пайдалану басыңыз..
Пайдаланбау мәні орнатылса, теледидар таңдалған аудио құрылғысын қосу сұрауларын елемейтін болады.

Құрылғылар арасындағы қашықтық 5 м артық болса, байланыс (дыбыс) жоғалуы мүмкін. Осылай болса, әрекет ауқымы шегінде қайта қосуды орындаңыз.

Bluetooth құлаққаптарының толыққанды қосылуы жоқ теледидарға 2016 ж. жəне одан жаңа (K сериялы жəне одан кейінгі) саундбарларды қосу үшін (тіпті теледидарда Soundshare функциясы болса да) кабелді пайдалану ұсынылады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!