Samsung теледидарында дыбыс үзілсе, не істеу керек
Бұл мақалада біз теледидарда дыбыс шықпай қалса, бұрмаланса және бөтен шуылмен үзілсе, не істеу керектігін айтамыз.
Бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқасы шықса, оны орнатыңыз. Жаңа жасақтама нұсқаларында жүйенің жұмысы тұрақтандырылады және ықтимал қателер жойылады.
Тақырып бойынша:
- Тест бұрмаланған дыбысты көрсетеді – жұмысты диагностикалау және техниканы жөндеу үшін авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Тест дыбысты бұрмалаусыз көрсетеді – келесі қадамға өтіңіз.
Теледидарға сыртқы құрылғыны қоссаңыз, ондағы дыбыс деңгейін тексеріңіз. Максималды дыбыс деңгейінде сыртқы құрылғыда бұрмалау байқалуы мүмкін. Дыбыс деңгейін азайтып көріңіз.
Дыбыстың қашан шықпай қалатынын немесе бұрмаланғанын бақылаңыз: тек сыртқы құрылғыны қосқанда ма, ештеңе қоспағанда ма?
Сымдарды ажыратып, қайта қосыңыз. Бұл көмектеспесе, құрылғыны басқа сымдармен қосып көріңіз.
Нәтижесінде теледидар зауыттық күйіне оралады және жұмыс қателерін жояды.
Тақырып бойынша:
Сыртқы құрылғыны ажыратыңыз. Дыбыс онсыз бұрмаланбаса, қосылған құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Антеннаның, кабелдің немесе спутниктік антеннаның теледидардың антенна ағытпасына ТД тіркемесін пайдаланбай тікелей жалғанғанын тексеріңіз.
Цифрлық арналарда бұрмалану байқалса, сигнал ақпаратын тексеріңіз. Тексеру нұсқаулығы және әлсіз сигнал кезіндегі ұсынымдар – төмендегі сілтеме бойынша.
Сондай-ақ теледидар қызметтері жеткізушісіне немесе антенна шеберіне хабарласып, сигналды тексере аласыз.
Егер дыбыс басқа антеннамен жақсы жұмыс істесе, онда мәселе осыдан бұрын қосылған антеннаның өзінде.
Нәтижесінде теледидар зауыттық күйіне оралады және жұмыс қателерін жояды.
Тақырып бойынша:
Сигнал көзін маман тексергеннен кейін сигнал көзінің толық жұмысқа қабілеттілігі анықталса, жұмысты диагностикалау және техниканы жөндеу үшін жақын жердегі авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Теледидар баптауларын арылтуды орындаңыз. Нәтижесінде теледидар зауыттық күйіне оралады және жұмыс қателерін жояды.
Тақырып бойынша:
Баптауларды арылтудан кейін дыбыс әлі де үзілсе, жұмысты диагностикалау және техниканы жөндеу үшін жақын жердегі авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар