Samsung Galaxy телефонына қоңырау шалғанда дыбыс сапасы нашар болса, не істеу керек
Егер сізде телефонмен сөйлесу кезінде дыбыс мәселесі туындаса, мысалы, шу немесе әңгімелесуші дауысының үзілуі, бұл ұялы желіңіздің қамтуына, құрылғының баптауларына немесе ақаулықтарға байланысты болуы мүмкін.
Мәселені шешу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Ең алдымен бірнеше негізгі ұсынымдарды орындаңыз:
1. Жаңа нұсқасы бар болса, телефон жасақтамасын жаңартыңыз:
«Баптаулар» > «БЖ-ны жаңарту» > «Жүктеу және орнату» ашыңыз > экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Байланыс деңгейін тексеріңіз.
Егер дыбыс сапасы белгілі бір жерлерде нашарласа, бұл құрылғыңыздағы әлсіз ұялы сигналға байланысты болуы мүмкін.
3. Дыбыс мәселелері әртүрлі адамдармен сөйлескенде пайда болатынына көз жеткізіңіз.
Егер мәселелерді бір ғана адаммен сөйлескен кезде байқасаңыз, себебі сіздің емес, сол адамның телефоны.
Ескертпе.
- Дыбыс сапасын әрбір орындалған әрекеттен кейін сөйлесу кезінде тексеріңіз.
- Егер барлық ұсынымдарды орындасаңыз, бірақ бұл мәселені шешпесе, онда механикалық зақымдану болуы мүмкін. Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласуға кеңес береміз.
- Экран суреттері және құрылғы мәзірі құрылғы үлгісі мен бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
3 микрофоны бар үлгілерде камера (жарқыл) аймағында қосымша микрофон бар – бұл аймақ та ашық болуы тиіс.
Бұл смарфтон жұмысындағы ықтимал уақытша ақауды жояды.
Дыбысты реттеу түймесінің және бүйірлік түйменің орналасуы құрылғының үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
1-қадам. Гарнитура қосулы болғанда қоңырау шалыңыз.
Егер гарнитурамен сізді жақсы еститін болса, бәлкім, мәселе құрылғыңыздың микрофонында болуы мүмкін.
2-қадам. Диктофонға жазып көріңіз.
Егер диктофонға жазып алғанды еститін болсаңыз, бұл микрофонның дұрыс жұмыс істейтінін білдіреді, ал қиындық тек қоңырау шалу кезінде ғана білінеді.
Сондай-ақ, Samsung Members қосымшасындағы «Диагностика» функциясының көмегімен микрофонның дұрыстығын тексеруге болады.
Егер микрофон жарамды болса, келесі қадамға өтіңіз.
SIM картасының зақымдануы байланыс сапасына әсер етуі мүмкін.
SIM картасы зақымдалуының бар-жоғын тексеріп, оның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Егер SIM картасында көзге көрінетін зақым болмаса, смартфонның жұмысын басқа оператордың SIM картасымен тексеріңіз.
- Егер басқа SIM картасымен дыбыс мәселесі жойылса, онда мәселе әйтсе де сіздің картаңызда. Бәлкім, ол ескірген шығар. Ұялы байланыс операторыңызға хабарласыңыз.
- Егер мәселе қалса, онда мәселе құрылғының өзінде деген сөз. Келесі тармаққа өтіңіз.
Құрылғының жұмысына бөгде қосымшалар әсер етуі мүмкін. Олар қауіпсіз режимде жұмыс істемейді.
Егер қауіпсіздік режімінде қоңырау шалғанда мәселелер болмаса, жүктелген қосымшаларды, ең алдымен жақында орнатылғандарды алып тастаңыз. Оларды әдеттегі режимде бір-бірден алып тастап, әр алып тастаудан кейін дыбысты тексеруге болады.
Өкінішке орай, бұл Wi-Fi құпия сөздерін және Bluetooth қосылған құрылғылар тізімін жоюға әкеледі.
Баптауларды арылту ықтимал бағдарламалық ақаулар мен қателерді жояды. Өкінішке орай, бұл ретте барлық деректер жойылады. Сондықтан алдын ала сақтық көшірме жасауды ұсынамыз.
Samsung Galaxy S22, Flip3, Fold3, A33, A53, A73 үшін: Су өткізбеушілікті қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы қысымды синхрондайтын саңылаудың жабық еместігіне көз жеткізіңіз (мысалы, тысқаппен немесе үлдірмен). Ол камераның (жарқыл) жанында орналасқан. Егер ол жабық болса, жоғарғы динамиктен шу естілуі немесе дыбыс анық емес болуы мүмкін.
Динамик үлдірмен жабылған емес екеніне көз жеткізіңіз.
Бұл смарфтон жұмысындағы ықтимал уақытша ақауды жояды .
Дыбысты реттеу түймесінің және бүйірлік түйменің орналасуы құрылғының үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Егер әңгімелесушінің дауысы тыныш болса, сөйлесу кезінде дыбысты күшейту түймесін бірнеше рет басыңыз.
Сөйлесу кезінде дауысты байланысты қосыңыз немесе телефонға құлаққапты қосыңыз.
- Егер гарнитурамен немесе дауысты байланыспен әңгімелесушіңізді жақсы естісеңіз, бұл динамиктің өзі жарамсыз екенін білдіруі мүмкін.
- Егер мәселелер қалса, келесі тармаққа өтіңіз.
SIM картасының зақымдануы байланыс сапасына әсер етуі мүмкін.
SIM картасы зақымдалуының бар-жоғын тексеріп, оның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Егер SIM картасында көзге көрінетін зақым болмаса, смартфонның жұмысын басқа оператордың SIM картасымен тексеріңіз.
- Егер басқа SIM картасымен дыбыс мәселесі жойылса, онда мәселе әйтсе де сіздің картаңызда. Бәлкім, ол ескірген шығар. Ұялы байланыс операторыңызға хабарласыңыз.
- Егер мәселе қалса, онда мәселе құрылғының өзінде деген сөз. Келесі тармаққа өтіңіз.
Құрылғының жұмысына бөгде қосымшалар әсер етуі мүмкін. Олар қауіпсіз режимде жұмыс істемейді.
Егер қауіпсіздік режімінде қоңырау шалғанда мәселелер болмаса, жүктелген қосымшаларды, ең алдымен жақында орнатылғандарды алып тастаңыз. Оларды әдеттегі режимде бір-бірден алып тастап, әр алып тастаудан кейін дыбысты тексеруге болады.
Өкінішке орай, бұл Wi-Fi құпия сөздерін және Bluetooth қосылған құрылғылар тізімін жоюға әкеледі.
Баптауларды арылту ықтимал бағдарламалық ақаулар мен қателерді жояды. Өкінішке орай, бұл ретте барлық деректер жойылады. Сондықтан алдын ала сақтық көшірме жасауды ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар