Samsung Galaxy-де «Камера» қосымшасында ақау немесе қате болса, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 06.03.2025

Егер камераны пайдаланғанда экранда «Камера ақауы» деген ескерту пайда болса немесе смартфон қатып қалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, осы мақаладағы нұсқауларды пайдаланыңыз.

«Камера» қосымшасында қателерді жою
1 БЖ және жүйелік қосымшалар жаңартуларын тексеріңіз.
2 «Камера» қосымшасының деректерін тазалаңыз.
3 «Камера» қосымшасының баптауларын арылтыңыз.
Камераны ашып, Баптауларды ашу үшін Камераны ашып, Баптауларды ашу үшін

1-қадам. Камераны ашып, Баптауларды ашу үшін Беріліс белгішесін басыңыз.

Экран смартфона, Параметрлердi қалпына келтiру Экран смартфона, Параметрлердi қалпына келтiру

2-қадам. Параметрлердi қалпына келтiру таңдаңыз.

Экран смартфона, Алып тастау Экран смартфона, Алып тастау

3-қадам. Алып тастау басыңыз.

4 Камераның жад картасыз жұмыс істеуін тексеріңіз.

Егер смартфоныңызда жад картасы орнатылған болса, камера жұмысындағы қателер оның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты болуы мүмкін.

Телефоныңыздан жад картасын алып, камераның онсыз жұмыс істеуін тексеріп көріңіз.

5 Смартфонның қауіпсіз режимде жұмыс істеуін тексеріңіз.

Телефоныңыздың жұмысына жүктелген қосымшалардың бірі әсер етуі мүмкін. Мұны тексеру үшін смартфонды қауіпсіз режимде жүктеңіз. Бұл режимде барлық жүктелген қосымшалар ажыратылады және құрылғының жұмысына әсер етпейді. Камера жұмысында қателер болады ма, тексеріңіз.

Егер камера қауіпсіз режимде дұрыс жұмыс істесе, онда проблема жүктелген қосымшалардың бірінде. Жүктелген қосымшаларды бір-бірден жойып, құрылғының жұмысын тексеріңіз. Ең соңғы орнатылғандардан бастаған дұрыс болады.

Егер проблема қауіпсіз режимде сақталса, келесі ұсынымға өтіңіз.

6 Смартфонның баптауларын арылтуды жасаңыз.

Смартфонды немесе планшетті толық арылту оны зауыттық күйіне қайтарады және бағдарламалық ақауларды жоққа шығарады.

Баптауларды арылту құрылғыңыздағы барлық деректерді жоюға әкеледі.
Біз арылтуға дейін міндетті түрде барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз.

Егер жоғарыдағы ұсынымдар мәселені шешуге көмектеспесе, смартфоныңызды диагностикалау үшін жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!