Деректерді ескі құрылғыдан жаңа Samsung Galaxy-ге қалай көшіруге болады

Соңғы жаңартулардың күні : 14.03.2025

Жаңа Samsung Galaxy-ді алғашқы баптау  кезінде құрылғы ескі гаджеттен деректерді көшіруді ұсынады. Ол үшін ескі құрылғыда алдын ала сақтық көшірме жасау қажет.

Деректерді жаңа Samsung Galaxy-ге кабель немесе бұлтты қойма арқылы көшіруге болады. Бұл мақалада сіз оны қалай жасау керектігін білесіз.

Деректерді Android құрылғысынан Samsung Galaxy-ге қалай көшіруге болады

1-қадам. Осы телефоннан жiберу және Осы телефонда қабылдау басыңыз.

2-қадам. Galaxy/Android таңдаңыз.

«Есептік жазбалар және мұрағаттау» және «Басқа құрылғыдан деректерді тасымалдау» тармақтарымен құрылғы экраны

3-қадам. Сымсыз қосылымды таңдаңыз.

4-қадам. Алдыңғы құрылғыда Smart Switch ашыңыз және оған қосылу үшін Қосылу басыңыз.

«Деректерді жіберу» немесе «Деректерді беру» таңдауы бар құрылғы экраны және «Көзді таңдау» бар құрылғы экраны

5-қадам. Ескі құрылғы деректерді тапқанын күтіңіз. Содан кейін тасымалданатын деректерді таңдаңыз. Реттелмелi таңдауға өту үшін «Басқа» белгілеп, Келесi басыңыз.

Қосылым түрін таңдауы бар құрылғы экраны және қосылу рұқсатын сұрайтын құрылғы экраны

6-қадам. Файлдарды белгілеп, Тасымалдау басыңыз. Тасымалдау аяқталғанда Келесi басыңыз.

смартфон экрандары және нені тасымалдау керектігін таңдау

Ескертпе:

Егер ескі құрылғыңызда Smart Switch қосымшасы болмаса, оны Galaxy Store-дан немесе Google Play-ден  жүктеп алуға болады.

Деректерді iOS-тан Samsung Galaxy-ге қалай көшіруге болады

1-қадам. Осы телефоннан жiберу және Осы телефонда қабылдау басыңыз.

2-қадам. iPhone/iPad таңдаңыз.

«Есептік жазбалар және мұрағаттау» және «Басқа құрылғыдан деректерді тасымалдау» тармақтарымен құрылғы экраны

3-қадам. Сымсыз тасымалдау тармағын таңдап, QR кодын ескі құрылғымен сканерлеңіз.

qr кодын сканерлеңіз

4-қадам. Ескі құрылғы деректерді тапқанын күтіңіз. Содан кейін тасымалданатын деректерді таңдаңыз. Реттелмелi таңдауға өту үшін «Басқа» белгілеп, Келесi басыңыз.

Қосылым түрін таңдауы бар құрылғы экраны және қосылу рұқсатын сұрайтын құрылғы экраны

5-қадам. Файлдарды белгілеп, Тасымалдау басыңыз. Тасымалдау аяқталғанда Келесi басыңыз.

смартфон экрандары және нені тасымалдау керектігін таңдау

Ескертпе:

Қосымшаларды жаңа Samsung Galaxy-ге көшіруге болады, бірақ Galaxy Store-дан немесе Google Play-ден жүктеп алу арқылы ғана.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!