One UI 7.0 жүйесінде қуатты үнемдеу режимін қалай қосуға болады
Қуатты үнемдеу режимі - қуат тұтынуды азайту үшін кейбір функцияларды өшіру немесе шектеу арқылы құрылғының жұмыс ұзақтығын арттырады. One UI 7.0 (Android 15) жүйесінде қуатты режимінің теңшелімдерінде үш жаңа опция пайда болды:
- "Қозғалыстардың тегістігі": "Стандартты" мәні;
- Күңгірттеу режимін қосу;
- Экранның күту уақытын орнату: 30 секунд.
Бұл мақалада Сіз қуатты үнемдеу режимін қалай қосуға болатындығын және жаңа мүмкіндіктер туралы көбірек біле аласыз.
One UI 7.0 жүйесінде қуатты үнемдеу режимін қалай қосуға болады
One UI 7.0 жүйесінде қуатты үнемдеу режимінің қандай жаңа мүмкіндіктері пайда болды
One UI 7.0-де құрылғының қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектесетін қуатты үнемдеу режимінің үш қосымша теңшелімі пайда болды. Оларды қосу немесе өшіру үшін әр мүмкіндіктің жанындағы жүгірткіні басыңыз.
- "Қозғалыстардың тегістілігі": "Стандартты" мәні — аккумулятор зарядын үнемдеу үшін экранның жаңару жилігі 120 Гц-тен 60 Гц-ке дейін өзгереді.
- Күңгірттеу режимін қосу — қуатты үнемдеу режимі қосылған кезде қараңғы тақырып іске қосылады.
- Экранның күту уақытын орнату: 30 секунд — егер 30 секунд бойы экранға қол тигізілмесе, ол сөніп, күту режиміне өтетін болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар