Samsung Galaxy Buds+ зарядталмайды

Соңғы жаңартулардың күні : 10.03.2025

Құлаққаптар зарядталмай жатқанын қалай білуге болады

Құлаққаптардың қуаты таусылған, бірақ зарядтау құрылғысын құлаққап қорабына қосқанда, қораптың индикаторы бір минут ішінде түсін қызылдан жасылға өзгертеді.

Индикатордың түстерін түсіндіру

Индикатор түстерін түсіндіру

Түсі

Күйі

Қызыл жанып тұр

Зарядтау барысында

Жасыл жанып тұр

Толық зарядталған

Қызыл жыпылықтайды

Оқыс температураға байланысты зарядтау мүмкін емес

Құлаққаптар зарядталмаса, не істеу керек

1 Құлаққаптарды басқа зарядтау құрылғысымен зарядтап көріңіз.
Құлаққаптар зарядталып жатса, зарядтау құрылғыңыз ақаулы. Оны ауыстырыңыз.
2 Құлаққапты қораптан шығарып, одан зарядтау құрылғысын ажыратыңыз.
3 Құлаққаптарды қорапқа дұрыс салыңыз.
Индикатор түстерін түсіндіру
4 Зарядтау құрылғысын қорапқа қосыңыз.
Индикатор түстерін түсіндіру
5 Кем дегенде 30 минут күтіңіз. Бұл әрекетті үш рет қайталаңыз.

Құлаққаптар зарядталмаған болса және индикатор бір минут ішінде түсін қызылдан жасылға өзгерте берсе, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!