Galaxy Store-дан қосымшаны жүктеп алу кезіндегі қатені қалай жоюға болады
Төмендегі мақалада Galaxy Store-да қосымшаны жүктеп алу кезінде қате пайда болса, жүктеп алу басталмаса немесе үзілсе, не істеу керектігін айтамыз.
Біздің кеңестерімізді орындаңыз да, қосымшаны қайта орнатып көріңіз.
Бағдарлама кэшін тазалаңыз
Егер қате пайда бола берсе, бізге қателер туралы есеп жіберіңіз.
Есеп Samsung Members қосымшасы арқылы жіберіледі. Сіз төмендегі қадамдардан кейін оған автоматты түрде өтесіз.
Жеткілікті жад көлемін босатыңыз
Қосымшаларды жүктеуге арналған бос орынның ұсынылған көлемі – 1,5 Гб.
Қажетті көлем – жүктелетін қосымша алатыннан 2,5 есе көп. Мысалы, егер қосымшаның салмағы 100 Мб болса, онда құрылғыда кем дегенде 250 Мб бос жад болуы тиіс.
Құрылғының жадын тексеріңіз. Бос орын жетпесе, қосымшаны жүктеп алу мүмкін емес. Алдымен қажетті орынды босату – мысалы, пайдаланбайтын файлдарды немесе қосымшаларды жою керек.
Құрылғының жадын қалай тексеруге болады:
Интернетке қосылуды тексеріңіз
Интернет қосылымын және жалғау сапасын тексеріңіз.
Егер желіге қосылу тұрақсыз болса, қосымшаларды жүктеп алу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұдан басқа, кейбір желі қызметтерін жеткізушілер жүктеп алудың ең жоғары жылдамдығын шектейді.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША:
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар