SmartThings Find (Find My Mobile) қалай жұмыс істейді

Соңғы жаңартулардың күні : 10.03.2025

SmartThings Find (Find My Mobile) – Samsung құрылғыларының орналасқан жерін көрсететін және құрылғы жоғалғанда деректерді қорғауға мүмкіндік беретін  қызмет.

Картадағы SmartThings Find белгішесінің көрінісі.

Құрылғыңызда Samsung есептік жазбасын  тіркеген кезде, ол SmartThings Find (Find My Mobile) қызметіне автоматты түрде тіркеледі. SmartThings Find (Find My Mobile) сайтында құрылғыңызды табуға немесе жоғалған құрылғыда экранды бұғаттауға болады. 

Ол үшін: SmartThings Find (Find My Mobile) сайтында Samsung аккаунтына қосылған барлық құрылғылардың тізімін қараңыз және олардың біреуін іздеу функциясын іске қосыңыз. Алдымен баптауларда іздеу функциясын белсенді ету керек.

SmartThings Find (Find My Mobile) қызметін қалай белсенді етуге болады

1 «Баптаулар» > «Samsung есептік жазбасы» > «Find My Mobile» > «Телефон орналасқан жеріне кіруге рұқсат ету» функциясы қосулы екеніне көз жеткізіңіз. (Ол құрылғыңызда Samsung есептік жазбасына кірген кезде қосылады.)
2 SmartThings Find (Find My Mobile) ресми сайтына кіріңіз..
3 Тізімнен құрылғыны таңдап, қажетті функцияны іске қосыңыз.

SmartThings Find (Find My Mobile) функциялары тапқыңыз келетін құрылғыда Samsung аккаунтына кіру орындалған және бұл құрылғы интернетке қосылған болса ғана қолжетімді болады.

Телефондағы «Құрылғыны іздеу» баптауы өшірілген болса, қызмет жұмыс істемейді.

Құрылғыдағы Samsung аккаунтына кірсеңіз, баптау автоматты түрде қосылады.

Құрылғыны жоғалтсаңыз, SmartThings Find (Find My Mobile) сайты немесе басқа құрылғыдағы SmartThings Find функциясы арқылы оның орналасқан жерін көре аласыз.

SmartThings Find іздеу функциялары:

  • Соңғы орналасқан жері: құрылғыңыздың  өшірілгеніне дейінгі (аккумулятордың заряды 5%-дан төмен түскенде) соңғы белгілі орналасқан жері туралы деректер серверге жіберіледі.
  • Дербес іздеу: мобильді деректер өшірулі немесе құрылғыңызда желі жоқ болса да, орналасқан жері жақын жерде орналасқан басқа Samsung құрылғыларының көмегімен анықталады.

Басқа SIM картасын салсаңыз да, смартфонды табу үшін SmartThings Find (Find My Mobile) пайдалана аласыз. SmartThings Find (Find My Mobile) сайтында SIM картасының өзгергенін көруге болады.

Жоғалған құрылғыда экранды, қуат түймесін және Samsung Pay қызметін бұғаттауға болады. SmartThings Find (Find My Mobile) сайтында бұғаттау функциясын іске қоссаңыз, құрылғыны бұғаттау пин-кодты орнатуға және сізбен байланысу үшін телефон нөмірін немесе хабарды қалдыруға болады.

Деректерді жою функциясы – деректердің ағып кетуін болдырмау үшін құрылғыдағы барлық деректерді арылту.

Деректерді арылтудан кейін SmartThings Find (Find My Mobile) функциялары қолжетімсіз болады, себебі құрылғыдағы Samsung аккаунтының деректері де жойылады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!