Тамақ & Үй

Ақылды үй дегеніміз не
және неліктен оның танымалдығы артуда

Қиял-ғажайып фильмдерінде көрсететін болашақтың үйлерінде тіпті бүгінгі күннің өзінде тұруға болады.

Сіз жаңалықтардан ақылды үйлер туралы сөз қозғағанды жиі кездестірдіңіз, бірақ оның қандай екендігін көз алдыңызға толықтай келтіре алмайсыз ба?
Қазір барлығын айтып береміз.

Ақылды үй дегеніміз не

Технологиялар біздің өміріміздің барлық саласына тереңдеп енуде, жұмыстан бастап демалысқа дейін – одан тіпті шыққың келмейтін заманауи үйлер онымен жабдықталған!

Ақылды үй – әртүрлі үй құрылғыларын және техниканы біріктіретін жүйе. Сіз машақаттанбай және басқа ұсақ-түйекке айналмай өз сүйікті ісіңізбен айналысатындай, сіздің өміріңізді жайлы және ыңғайлы жасау - оның қарапайым мақсаты.

Теледидарлар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кондиционерлер, шамдар, құлыптар және видеобақылау камералары бір-бірімен бірыңғай экожүйе секілді, SmartThings («Бұйымдар интернеті» ең ірі экожүйелерінің бірі) секілді орталықтанған басқару жүйесі арқылы тәртіппен жұмыс істей алады. Сіз барлық үй құрылғыларын бір құрылғыдан – смартфоныңыз немесе планшетіңізден жәй ғана басқарасыз.

Ақылды үйдің қолынан не келеді

Ақылды үй жүйесі бірнеше бастапқы қызметтерді орындайды. Олардың ішіндегі маңыздыларын қарастырайық:

  • Күнделікті қайталанатын міндеттерді автоматтандыру. Ақылды құрылғылар автоматты түрде, сіздің араласуыңызсыз, қажет болған кезде өз міндеттерін орындай алады. Мысалы кондиционер сіз жұмыстан келердің алдында үйіңіз қоңыр салқын болып тұруын қадағалайды, ал робот-шаңсорғыш бөлмелерді жинауды өз мойнына алады.

  • Қауіпсіздік. Ақылды үй – бұл тағы да қауіпсіздік және жайлы ұйқы. Интеллектуалды кілттер үйге «шақырылмаған» қонақтар кіріп кетпеу үшін, үйге кіруді қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Видеобақылау камералары көмегімен сіз шынайы уақытта бөлмелерде не болып жатқанын бақылай аласыз, ал қозғалысты және түтінді сезетін ақылды үй тетіктері сізді ықтимал қауіп туралы ескертеді. Сіз үтікті нақты өшіргеніңізді білгендіктен, жағажайда еркін демаласыз.

  • Энерготиімділік. Ақылды жүйелер сіздің шығындарыңызды төмендете және экологияға жағымсыз әсерді азайта отыра, электр энергиясын тұтынуды қысқартуға көмектеседі. Мысалы, бөлмеде ешкім жоқ кезде жарық және жылыту автоматты түрде ажыратылуы мүмкін.

  • Жайлылық және ыңғайлылық. Құрылғылар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып сіздің өміріңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Үйден шығарда тұрмыстық техника және жарықты бір қолмен өшіре алдыңыз делік, -және жатын бөлмедегі жарық немесе қосылған кондиционер туралы ұмытып кететіндігіңіз туралы мазаланудың қажеті жоқ. Сіз сонымен бірге Smart TV арқылы шынайы уақыт тәртіптемесінде кім сіздің есігіңізді қаққанын көре аласыз, сондай-ақ сенсорлы экранды Family Hub тоңазытқышындағы азық-түлік қорын бақылай аласыз.

Ақылды үй қалай жұмыс жасайды

Ақылды үй жүйелері қосылған құрылғыларға деректермен алмасуға және бір-бірін басқаруға мүмкіндік беретін «Бұйымдар интернеті» негізінде жұмыс жасайды. Мысалы, термостат температура және ылғалдылық тетіктерінен деректерді ала алады және сәйкесінше жылыту және кондиционерлеу жүйесінің жұмысын реттейді.
Ақылды үйді SmartThings секілді мобильдік қосымша түрінде ұсыныла алатын, орталықтандырылған платформа арқылы басқаруға болады.

Құрылғылар арасындағы өзара әрекеттесу Wi-Fi, Bluetooth, Zigbee немесе Z-Wave секілді сымсыз технологиялар арқылы жүзеге асады.

Ақылды үйлердің болашағы

Бұның барлығы футуризм емес, ал бүгінгі күннің шынайылығы. Үй иесінің күн тәртібін және әдеттеріне «жетік» мұндай үйде бүгіннің күннің өзінде тұруға болады. Өзінің инновациялық мүмкіндіктерінің арқасында, ақылды үйлер күн өткен сайын танымал бола түсуде, және бұл үрдіс болашақта үдей түсетін болады.

Технологиялардың дамуымен үй құрылғылары қолжетімді, көп атқарымды және кіріктірілген бола түседі. Ал Galaxy AI мобильді шешімінде өзін өте жақсы танытқан жасанды интеллектің жылдам дамуы одан да ерекше мүмкіндіктерді туындатады. Және сол кезде ақылды үйлер тіпті таяудағы болашақта стандарт болуы мүмкін.

Әлемге әйгілі футболшы Сон Хын Мин (Son Heung-min): «Жүйе [ақылды үй] автоматты түрде жұмыс жасайды, және мұнда бәрі таңқаларлықтай жеңіл және ыңғайлы. SmartThings арқасында менің бос уақытым алуан түрлі бола түсті, оның үстіне мен электр энергиясын үнемдеуді үйрендім. Бәрі өте оңай!»

Ақылды үй техникасы

Өмірді жеңілдетіңіз

Әрі қарай осы оқиғаларды оқыңыз